Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының ұйымдастыруымен облыс орталығы мен Шиелі ауданы аралығында Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізілді. Бұл шара өткен жылдың қараша айынан бері апта сайын жүзеге асырылуда.

Дария деңгейін бақылау, мониторинг жұмысы барысында өзенде ұстасқан мұздың қалыңдығы мен судың келу деңгейі қоса сарапқа салынуда. Қазіргі таңда сең Шиелі ауданы Қызылқайың елді мекенінің тұсында, Қызылорда су торабынан жоғары 190 шақырымда ұстасып тұр. 

Бүгінгі таңда мұз қабатының еруі, жұқаруы және қалыңдығы 10-20 сантиметр екендігі анықталды.

Осы ретте мониторинг жұмыстарымен қатар азаматтық қорғау мамандары елді мекендерде су басу қаупі туындаған жағдайда атқарылуы қажет қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, тұрғындарға ескерту хаттары мен үнпарақтарды таратуда.

Тағы да оқыңыз: