Kyzylorda-news.kz. Сырдария өзені арнасынан шығып кетуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Мұздық құбылыстарға байланысты Қызылорда облысының Қазалы қаласы тұсында Сырдария өзеніндегі су деңгейі 630 см көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», делінген дауылды ескертуде.

Нақты деңгей сағат 12:00-де 630 см болған, қауіпті деңгей 640 см (судың өзен арнасынан жайылып кетуі) шамасында. Ал, шекті деңгей 743 см (елді-мекенді су басу қауіпі туады).

«Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», делінген хабарламада

Тағы да оқыңыз: