Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 17 бірлік медициналық құрал-жабдықтар алынды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.

«Биыл дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында 9 дәрігер ауданға жұмысқа шақыртылып, 3-не қызметтік пәтер берілді.Сондай-ақ, кезекті электронды басқару жүйесін енгізу мақсатында электронды терминалдар іске қосылса, тіркеу бөлімі жұмысын модернизациялау үшін цифрлы пост құрылып, CALL-орталығы жаңадан өз жұмысын бастады. Бұл дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді», – деді Руслан Рүстемов.

Мұнан өзге, үстіміздегі жылдың 10 айында аудан бойынша 615 нәресте дүниеге келіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл аудан бойынша бала өлімі тіркелмеген.

Тағы да оқыңыз: