Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында қыс-көктем мезгілдерінде болуы мүмкін су тасқыны қауіпінің алдын алу, зардабын жою мақсатында командалық-штабтық оқу жаттығу өткізілді.

Оқу жаттығу барысында азаматтық қорғаныс қызметтерінің жұмысы пысықталып, жұмылдырылатын күш-құралдардың дайындығы мен материалдық-техникалық қорлардың әзірлігі тексерілді. Сонымен бірге, Сырдария өзенінен мол суды қауіпсіз өткізу дайындығына байланысты аудан әкімімен іс-шара жоспары бекітілген.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша «Шардара» су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 400 текше метр су жіберілуде, оның 300 текше метрін «Көксарай» су реттегіші қабылдауда. Сондай-ақ, «Айтек» су торабынан – 117 текше метр және «Қараөзек» арнасынан – 28 текше метр су өтуде.

Жалпы, бүгін күнге аудан аумағында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерінің қауіпті учаскелеріне жауапты мекемелер бекітіліп, жағдай тұрақты бақылауға алынған.

Тағы да оқыңыз: