Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығу барысында аудан әкімдігінің, азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті арнайы техникаларының дайындығы мен инертті материалдарының нақты көлемдері түгенделіп, олардың қауіпті учаскелерге шоғырландырылуы тексерілді.
Сонымен бірге Қалжан ахун елді мекенінің тұсындағы «Сырдария» өзенінің осал аумағында жоғарыда көрсетілген қызметтердің жалпы дайындығы және Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылдық округтеріндегі эвакуациялық жинақтау пункттерінің әзірліктері пысықталды.

Жалпы, ауданда су тасқынының алдын алуда материалдық-техникалық қор жасақталған. Атап айтқанда, 6500 дана қап, 30 дана күрек, 500 дана фашин, 700 дана қамыс бау және 200 дана қада жинақталып, «Сырдариясушар» өндірістік учаскесі мекемесінің қоймасында сақтаулы тұр. Сонымен қатар 2 тонна бензин және 4 тонна дизель отыны қажет болған уақытта алуға «Угольсбыт» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.

Төтенше оқиға туындағанда тұрғындарды ақпараттандыру үшін аудан бойынша 3 дабыл қағу бекеті бар. Олар, Тереңөзек кентіндегі аудандық құрылыс бөлімі мен агроколледж ғимаратында болса, біреуі Қалжан ахун ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан.

Тағы да оқыңыз: