Сырдария ауданы «Қызыл аймаққа» кірді – Kyzylorda News
Басты бет

Сырдария ауданы «Қызыл аймаққа» кірді

14.04.2021, 12:33

830 0

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда аудан көлемінде COVID-19 вирусына шалдыққандар саны 80-ге жетіп, эпидемиологиялық ахуал күрделеніп тұр.

Мамандардың болжамына сәйкес және ахуалдың күрделенуіне байланысты аймақтағы жалғыз аудан ретінде «Қызыл аймаққа» Сырдария ауданы енді.

Осыған байланысты, «Сырдария ауданы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы» ауданның Бас санитарының қаулысы дайындалуда.

Індеттің таралуына бей-жай қарамай, ресми ақпараттарға сүйенулеріңізді сұраймыз. Мамандардың кеңесіне құлақ асып, аудан тұрғындарын барынша сақтық шараларын сақтауға шақырамыз!

0

Пікір қалдыру