Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласы және облыстағы 7 аудан орталығының 4-уі газдандырылған. Ал, 2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді.
«2018 жылы қалған 3 аудан орталығына – Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа жеткізіп, биылғы жылы кентішілік газ желісінің құрылысын бастадық. Осылайша, 2020 жылы осы кенттердің тұрғындары көгілдір отынды тұтыну мүмкіндігіне ие болады», – деді аймақ басшысы Қ. Ысқақов.