Сыр имамдары «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады – Kyzylorda News
Басты бет

Сыр имамдары «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады

22.04.2020, 10:40

1054 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл мешіттерде ауызашар  дастарқаны жайылмайды. Оның орнына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің  ұйымдастыруымен  «Ауызашар  қоржыны» атты қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Яғни, сауаптар еселенетін берекелі  айда ораза тұтқан адамға ауызашар беріп, мұқтаж отбасыларға  көмектескіңіз келсе, «ауызашар қоржынын» жасақтауға үлес қосуларыңызға болады.

Айта кетейік, Мешіт имамдары мен еріктілер тиісті отбасыларға ауызашар  қоржынын  үйлеріне тегін жеткізіп береді.