Kyzylorda-news.kz. Сыр имамдары ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бастау алған «Жүрек жылуы» республикалық қайырымдылық акциясына үн қосты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен игі шарада аймақтың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған облыс мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаттары және жергілікті кәсіпкер азаматтар өңірдегі әлеуметтек жағдайы аз қамтылған 1000-ға жуық отбасыны зиярат етіп, азық-түлік қорабын табыс етті.

Сонымен қатар, аталмыш акция аясында 165 отбасыға 1 тонна ет үлестірілсе, өңір халқына 2800-ге жуық медициналық бетперде таратылып, облыстың блок-посттарындағы 175 қызметкер ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдай кезінде бірлігімізді арттырып, мейірімділікке үндейтін шарапаты мол сауапты шаралар әлі де жалғасын таба бермек.

Тағы да оқыңыз: