Kyzylorda-news.kz. Бүгін ел Президенті төтенше жағдайға байланысты халыққа мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде халықтың қазіргі психологиялық, материалдық, экономикалық жағдайы сипатталған.

Әрбір жағдайға байланысты толығырақ тоқталып өтіп, шешу жолдары қарастырылуда екенін атап өтті. Бұл мәлімдеме халықтың біраз көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Себебі осы сұрақтармен күнделікті call-орталықтағы жұмыста да кездесіп жататынымыз рас.​

Төтенше жағдай кезінде қаншама мамандардың халықтың амандығы үшін жұмыс жасап жатырған еңбегін де айрықша айтып өтті. Біздің амандығымыз үшін дезинфекцилар жүргізіліп, үйден жұмыс жасауымызға жағдайлар жасалуда, жұмыссыз қалған азаматтарға материалдық, азық түліпен көмектер берілуде. Бұл көмектерді жаңалықтардан, әлеуметтік желілерден көрудеміз.

Президентіміз айтып өткендей адам өмірінен артық ешнәрсе жоқ. Таразының бір жағында өзіміздің, жақындарымыздың өмірі тұрғанда, екінші жағына ешқандай қауіпті қоймай, карантин уақытын аман-есен аяқтап, жақындарымызбен қауышайық!

Сымбат АБДРАХМАНОВА,

психолог, аудармашы,

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы

Тағы да оқыңыз: