Kyzylorda-news.kz. Аптап ыстық орнап және суға шомылу маусымы басталып,суға, бассейн болсын, ұсақ су айдындар немесе ірі өзендер болсын, демалушылардың ағымы ұлғаяды. Ал мұнымен бірге, суға шомылу орындарында жазатайым оқиғалардың пайда болу қауіп-қатері де өседі.

Суға шомылу маусымында қауіптілік деңгейі жоғары болып отыр. Және ең алдымен, қауіп-қатер тобына балалар кіреді.

Жаз- бұл бейғам демалыс, бала қуанышы мен ұзақ күткен суға шомылу маусымының уақыты. Барлығымыз ыстық күнді өзен жағалауында өткізгенді ұнатамыз. Алайда, өз қауіпсіздігіңмен өз балаларыңның қауіпсіздігі туралы ұмытпаған жөн.судағы тәртіп қағидаларын сақтау адамдар үшін өте маңызды.

Суда уақытыңды өткізе отырып, өзіңді қалай қауіпсіздендіруге болады?

Суға бату жағдайларын алдын алудың 6 негізгі қағидасы:

Бірінші қағида. Су айдындардан алыс жерлерде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.

Екінші қағида. Суға баратын мүмкіндіктің алдын алатын қоршаулар орнату.

Үшінші қағида. Мектеп жасындағы балаларды (6 жастан үлкен) суда жүзу және судағы қауіпсіз тәртіп машықтарына үйрету.

Төртінші қағида. Су тасқындарымен және басқа да қауіптермен байланысты қауіп-қатерлерді басқару.

Бесінші қағида. Суға бату әлеуетті куәгерлерін қауіпсіз құтқару мен жан сақтау машықтарына үйрету.

Алтыншы қағида. Қайықтарды, кемелер мен паромдарды қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау.

Қатаң тыйым салынады:

Тыйым салынған орындарға шомылуға
Суда балаларды қараусыз қалдыруға
Қоршау белгілерінен асуға
Көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге
Таныс емес орындарда шомылуға

Сіңір тартылғанда:

Қол саусақтарының сіңірі тартылғанда- тез арада жұдырығыңызды қатты қысып, ырғақпен қолыңызды сілтеңіз және жұдырығыңызды жіберіңіз
Балтыр бұлшықеті тартылғанда- еңкейіп қолыңызбен тартылған аяғыңызды табанынан ұстап өзіңізге қарай күшпен тартыңыз.
Бөксе бұлшықеті тартылғанда аяғыңызды жіліншегін тыс жағынан ұстап тізеге қарай бүгіп арқаға қарай тартыңыз.

Егер сіз қайықта болсаңыз:

Ең алдымен қараусыз және техникалық ақауы бар қайықты пайдаланбанбаңыз
Құтқару және су төгетін құралдарынсыз сондай-ақ дауылды күндері қайықпен жүзуге шықпаңыз
Қайыққа техникалық құжатында көрсетілген лимиттен артық жолаушылар мен жүк артуға болмайды
Мас күйде қайықпен жүзбеңіз
Қайықтың бүйірінде немесе тұмсығында отырмаңыз
Жүзіп бара жатып бір қайықтан екіншісіне ауысып отырмаңыз
Қараңғы түскенде қайықпен жүзбеңіз
14 жасқа толмаған балаларды өздігінен қайықпен жүзуіне рұқсат етпеңіз

Суға түсуге болмайды, егер:
-Қатты шаршасаңыз
-Басыңыздан күн өтсе
-Аш болсаңыз
-Шөлдесеңіз
-Аурудан жаңа айыққан болсаңыз!

Суға түскен кезде сақтық шараларын умытпаңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Тағы да оқыңыз: