Kyzylorda-news.kz. 9 шілде аталған сала қызметкерлерінің күні. Атаулы мереке біздің елде 2019 жылдан бастап күнтізбеге еніп, аталынып өтіп келеді.

Кәсіби мерекеге орай, «Қазсушар» РМК-нің Қызылорда филиалында су шаруашылығы ардагерлері мен сала мамандарының қатысуымен жиын өткізілді. Ал, 10 шілде күні Шиелі ауданында «Су шаруашылығы нысандарын көркейту-көгалдандыру тақырыбында» ғылми семинар болады.

Жалпы, Сыр елінің негізгі тіршілік көзі – Сырдария өзенінің суы. Жүздеген жылдар бойы диқан қауымы дариядан тартқан тіршілік нәрімен егінін егіп, тіршілігін жасап келеді. Ал арнайы су шаруашылықтарының құрылып, жұмыс істей бастағанына ғасыр толып отыр.

Бүгінде аймақта ұзындығы 10 мың шақырымнан аса сумен қамтамасыз ететін және 3 мың шақырымнан астам қашыртқы дренаждық жүйелер бар.

Сырдария өзеніндегі суды реттеу мақсатында республикалық меншікке қарайтын Қызылорда, Әйтек, Қазалы және Ақлақ су тораптары жұмыс істейді. Облыс аумағында 7 су қоймасы, 219 су нысаны бар.

Тағы да оқыңыз: