Kyzylorda-news.kz. Смартфонды түнгі уақытта зарядтаудың зияны белгілі болды. Маманның сөзінше, түні бойы қуат көзінде тұрған телефон аккумуляторының ресурсы жылдам азаяды екен деп жазады  Lenta.ru.

Басылымның жазуынша, егер желілік адаптер толық зарядталған гаджетке қосулы қалып қойса, бұл батареяның химиялық құрамының тез өзгеруіне алып келеді. Салдарынан разрядтың қызмет ету мерзіміне де, жылдамдығына да теріс әсер етеді.

BatterieIngenieure компаниясының өкілі Доминик Шульте барлық ірі өндірушілер смартфондарда артық зарядтан қорғау функциясын орнатқанына қарамастан, батареялардың нашарлауы орын алатынын айтады.

Google өкілінің сөзінше, батареяларды өндіру мен оңтайландырудың заманауи технологияларын ескере отырып, бұл тезис ескірген.

“Смартфонның аккумуляторы 100 пайыз зарядқа жеткенде, зарядтау құрылғысы іс жүзінде тоқ беруін тоқтатады”, – дейді корпорация өкілі.

Осыған қарамастан, Шульте өндірушілердің пайдаланылмаған гаджетте аккумулятордың зарядын 30-50 пайызға дейін ұстап тұруға кеңес береді.

Оның айтуынша, бұл аккумуляторлардың 100 пайыз зарядтауды “ұнатпайтынын” дәлелдейді.

Айта кетсек, бұған дейін Англияның Манчестер университетінің ғалымдары смартфонның көк сәуледен қорғайтын түнгі режимі ағзаның циркадиялық ырғақтарына кері әсерін тигізетінін мәлімдеген.

Тағы да оқыңыз: