Kyzylorda-news.kz. Бүгінде қала тұрғындары үшін түрлі салалардағы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы  жұмыс істейді. 

Қосымша арқылы білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, ойын-сауық, туризм және коммерциялық қызметтер саласында ақпарат алуға болады. Қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс жасайды.

Қосымшадағы жаңа қызмет «Көліктің техникалық байқауы» деп аталады. Бұл қызмет көліктің техникалық байқаудан өту күні мен аяқталу уақытын көрсетеді. Ол үшін аталған қосымшаны жүктеп, «Көлік» бөліміне өту қажет. Одан әрі сервисті таңдап, көлігіңіздің мемлекеттік нөмірін енгізесіз.

Қосымшада сервистердің жалпы саны – 54  және де функциялар қатары  кеңейтіліп отырады.

Тағы да оқыңыз: