Kyzylorda-news.kz. Уақыт өткен сайын погон таққан қыз-келіншектердің қатары  көбейіп келеді. Солардың  қатарында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мықты, батыл, ер азаматтармен қатар қызмет атқаратын нәзік жанды  арулар аз емес. Әрқайсысы өз саласының майталманы.

Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған Шырын Әбдиева  қылмыстық-атқару жүйесі саласында 24 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.

Қарапайым, көпбалалы  отбасыдан шыққан Шырын Қалиқызының мақсаты орындалып, мектепті де жақсы деген бағамен тәмамдады. 1991-1994 жылдары аралығында  копиративтік техникумын аяқтаған. 2003 жылы  Экономика және құқық инстутының «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын  1996 жылы Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторынан бастаған. Жалындап келген жас маман жұмысқа құлшына кірісті. Ұқыпты, жауапкершілігі мол жас маман осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып қызметтік қабілетін шыңдады. 

Жас қызметкердің мамандығына деген сүйіспеншлігін байқаған мекеме бастығы әділет полковнигі Қ.Иламанов  жас маманды сотталғандардың іс- құжаттарын тіркеп отыратын арнайы есепке алу бөлімінің есеп технигі етіп алды.  Он жыл бойы осы бөлімде сотталғандардың келген құжаттарын тіркеп, талап арыздарын толтырып, заңды күшіне енген іс-құжаттарды реттеп, айдауылға дайындады. Осылайша күнделікті заңдағы өзгерістерді біліп қана қоймай, оның қолданылуын жетік меңгеріп алған Шырын Қалиқызы  2015-2018 жылдар аралығында  Жалағаш аудандық пробация қызметінде  аға испекторы болып жұмыс жасады.

Бұл жылдары  пробация қызметінің қыр-сырына қанығып, түзеу мекемесінен сотталғандармен тікелей жұмыс жасап, олардың түзелу жолына түсуіне тікелей себепкер болды.

«Қызмет атқарған 24 жыл ішінде  өз ісіме адал болу – менің басты міндетім. Осы саланы өзім таңдадым, қыз балаға ауыр болса да қиындығы көп мамандық екенін түсініп, көп ізденіп, көп еңбектендім. Бұл салаға келуіме себепкер болған ағам Ораз Қалиұлының ұлағатты ісі мен бейнесі менің осы қызметтегі үлгі тұтар тұлғам болып қала бермек. Мен қызметте ғана емес, отбасылық өмірде де, бағы жанған әйелмін», – дейді ол.

Шырын Қалиқызы 2018 жылдың сәуір айында Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы болып, қызметтік дәрежесін көтерді. Аға буынның берген ақылы мен көрсеткен көмектерінің арқасында көп ізденіп, көп еңбектеніп,  сержант шенінен сатылап көтеріліп, 2018 жылы майор шенін алды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап, ҚАЖ департаментінің арнайы есепке алу тобының бас маманы лауазымын атқарып келеді.

Тағы да оқыңыз: