Шиеліде жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда – Kyzylorda News
Басты бет

Шиеліде жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

30.04.2020, 10:00

1408 0

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбәраков аудандағы жылыжайларды аралап, ондағы қызанақ пен қиярдың өнімділігін байқады.

Атап айтқанда, ЖК «Жексікбаев» жылыжайы 2019 жылдан бастап жұмыс жасауда. Жылыжайдың жалпы аумағы – 0,23798 гектар. Жылыжайда жылда қызанақ, қияр және сарымсақ өсіріледі. Биылғы жылы наурыздың екінші жартысынан бастап қияр егіліп, өз өнімдерін ауданның орталық базарына өткізуде.

ДК «Бауыржан» жылыжайы 2016 жылы іске қосылған. Жалпы аумағы – 0,0456 гектар. 2017 жылы жылыжайда қияр мен қызанақ егіліп, қиярдан 5,200 тонна, қызанақтан 3,600 тонна өнім алынды. Бүгінгі күні жылыжайда көкөніс дақылдарын егіп, өз өнімдерін алуда.

ЖК «Ата-Бас»  жылыжайы 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. 2018 жылы ауданды көгалдандыру жұмыстары бойынша жылыжайда гүл көшеттері мен жасыл алаң (газон) отырғызылды. Биылғы жылы 0,08682 гектарға наурыз айының ортасында қияр мен гүл көшеттерін егіп, өз өнімдерін алуда.

Сонымен қатар, Шиелі кентінің шығыс бөлігінде 2 гектар жерге 20 жылыжай салынған болатын. Одан ағымдағы жылдың қараша айында 600 тонна өнім алу жоспарлануда . Аталған жобаны жүзеге асыру бағытында бекітілген кестеге сәйкес жобаға қатысатын тұлғаларды біріктіріп, жүзеге асыратын топ құрылған. Осы жобаға қатысатын кәсіпкерлердің бірігуімен жылыжай бағытында көкөніс өндіретін кооператив құрылып, тиісті жер телімдері табысталды. Жобаның нәтижесінде 20 кәсіпкердің бірігуімен 20 жылыжай құрылысы іске асырылып, тұрақты 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өндірілетін өнімнің көлемі 600 тонна болғанда, жылдық табысты 150 млн. теңгеге жеткізу көзделуде.

Аудан басшысы атқарылып жатқан жылыжай жұмыстарын бақылап, жылыжайда еңбек ететін жұмысшылармен танысты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарды қысқы мерзімде қажетті өнімдермен арзан бағада қамтамасыз ету үшін жоғары технологиялы жылыжай шаруашылығын әлде де белсенді дамыту керектігін айтып өтті.