Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімі аудан аумағында орналасқан өндірістік нысандарды аралады, деп хабарлайды Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нысандарды аралау барысында, «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының басшыларымен кездесіп, зауыттың ішкі жұмыстарымен танысты.

Аудандағы «Гежуба Шиелі Цемент» зауыты қазіргі таңда аудан халқының тіршілігіне септесіп, жұмыссыздық дерегінің төмендеуіне үлес қосып келеді. Атап айтқанда, «Гежуба Шиелі Цемент» зауытында 266 адам жұмыс жасайды. Оның 222 жергілікті тұрғын. Сонымен қатар, «Гежуба Шиелі Цемент» зауыты жыл басынан бері 640 мың тонна цемент өнімін шығарып, жергілікті бюджетке 22,2 млн теңге табыс салығын түсірсе, жергілікті салық базасына 300 млн теңге қаражат аударған.

Мұнан соң, аудан әкімі «КНК Кемикал» ЖШС-ның құбыр зауытының жұмысымен танысты.

«КНК Кемикал» ЖШС-ның құбыр зауыты сұраныстың артуына байланысты бүгінгі күні сапалы полиэтилендік пластмассалы құбырлардың сан түрін көптеп шығаруды қолға алған. Сондай-ақ, мұнай, су және газға арналған құбырлар еуропалық аппараттармен шығарылады. Қазір зауытта тәулігіне 20 мың метрге жуық құбыр дайындалады. «КНК Кемикал» зауытының өнімдері әлем стандартына сай. Шетелдік озық технологиямен жасалған бұйымдар суық пен ыстыққа және жоғары қысымға төтеп бере алады. Биыл Ш.Қодаманов ауылына көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары аясында «КНК Кемикал» ЖШС-нен өндірілетін құбырларын пайдаланып отыр.

Аудан әкімі өндірістік нысандарды аралау барысында тиісті сала басшыларына нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді. Оның ішінде экологияға және өндіріс саласында жұмыс істеп жатқан жергілікті тұрғындардың жалақысы уақытылы түсіп тұруына баса назар аударуды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: