Kyzylorda-news.kz. Қасиеті мен киесі қатар қонған Шиелі ауданында әлеуметтік жоба аясында ерекше жандардың қатысуымен балық аулаудан сайыс ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен салауатты өмір салтын насихаттауға бастайтын спорттық шарада қатысушылар ерекше белсенділік танытты. Табиғат аясындағы тамаша демалыс олардың көңілін сергітіп, жанға жайлы әсер сыйлады.

Балық аулау сайысының нәтижесінде жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сый-сыяпаттар табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазалы ауданында бүкіләлемдік туризм күні мерекесі қарсаңында балық аулаудан жарысы өткенін хабарладық.

Тағы да оқыңыз: