Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов Шиелі кенті Береке шағын ауданындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 3 бөлмелі, бір пәтерлі 25 тұрғын үйлердің құрылыс жұмысымен танысты.

Тұрғын үйдің құрылысын «СМП-Қызылорда» ЖШС жүргізуде. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары қазіргі таңда қарқын алуда.

Тұрғын үй құрылысын аралау барысында аудан әкімінің орынбасары мердігер компания басшылыған құрылыс нысандарын мезгілінде сапалы аяқтап, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Қазіргі таңда 14-ке жуық үйдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған баспаналардың қабырғалары сыланып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша барлық үйлердің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында толығымен аяқталады деп жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: