Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламалар аясында кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 205 адам оқуға жолданып, оның 116-сы сертификатын алды. Бұл туралы аудан әкімі Нариман Мақұлбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Аталған бағдарлама бойынша жобалық құны 271 млн. 100 мың теңгені құрайтын 64 жоба несие қаражатын алды.

Бүгінгі күні «Еңбек», «Өңірлік инвестиция орталығы», «Микро бизнес Қызылорда», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Кең дала», «Агробизнес», «Сыбаға», «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламалары бойынша ауданнан құны 1 млрд 158 млн. теңгені құрайтын 357 жоба қаржыландырылып, жаңадан 456 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Тағы да оқыңыз: