Kyzylorda-news.kz. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясындағы «Өңірлік электржелілік компанияларды ірілендіру (ЭТК)» 51-ші қадам бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №110 қаулысымен «Шиелі-Энергосервис» ЖШС таратылды.

«Шиелі-Энергосервис» ЖШС энергия беруші ұйымның электржелілік объектілері «Қызылорда ЭТТК» АҚ өңірлік электржелілік компаниясының жедел қызмет көрсетуімен облыстық коммуналдық мүлік балансына қабылданды. Осылайша тұтынушылар үшін электр энергиясының құнын төмендету бойынша ірілендірудің негізгі мақсаттарының біріне қол жеткізілді. «Шиелі-Энергосервис» ЖШС энергия беруші ұйымының есеп айырысудағы үстемақы алынып тасталады. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына сәйкес электр желілері «Қызылорда ЭТТК» АҚ өңірлік электр желілік компаниясының балансына берілетін болады», – деген ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті таратқан хабарламада.

Тағы да оқыңыз: