Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков мүмкіндігі шектеулі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Аудан әкімі «Шын ниетпен» қайырымдылық акциясының аясында, аудан орталығында орналасқан №3 «Мейірім» облыстық балаларды оңалту орталығына барып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сыяпаттар табыстады.

Балалармен бірге олардың тәрбиешілері, арнайы мамандар мен бала күтушілер де қуанып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Аудан әкімі 50-ге жуық балаға әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, медициналық қызмет көрсетіп отырған орталықтың мамандарымен пікірлесіп, балалардың бүгінгі хал-жағдайын біліп, оларға ерекше мән беруді тапсырды.

Тағы да оқыңыз: