Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында өткен аптадан бастап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгін Шиелі ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз деп танылған Шиелі кенті, Қарғалы, Бидайкөл, Н.Бекежанов, Бәйгеқұм, Еңбекші, Қосүйеңкі, Майлытоғай, Тұрсынбай датқа-Ботабай, Алмалы, Жиделіарық, Ш.Қодаманов, Бестам, Добол датқа, Ә.Тәжібаев, Жаназар батыр-Бірлестік елді мекендері бойынша бекітілген кестеге сәйкес күзгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда.

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов дезинсекциялық жұмыстарды жүргізетін «Батыс дезинфекция» ЖШС-нің арнайы мамандарына залалсызсыздандыру кезінде залалсыздандырғыш ертіндіні бақылауда ұстауды және залалсыздандыру жұмыстарын барынша сапалы жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, дезинсекциялық жұмыстар нәтижелі болу үшін қора-жай, суат, шаңлақтар, мал жиналатын жерлер ескі қи-көңнен тазартылып, механикалық тазалау жұмыстары залалсыздандыруға дейін аяқталу қажет.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Возможно, это изображение 1 человек, стоит и на открытом воздухе

Тағы да оқыңыз: