Kyzylorda-news.kz. Шиелі аудандық мәдениет үйінде аудан көлеміндегі уран өндірісі саласындағы кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер қатарынан 24 жұмыс беруші мекеменің және жұмыс іздеуші 160-қа жуық азаматтардың қатысуымен «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне аудан көлеміндегі уран өндірісі саласындағы кәсіпорындары қатысты. Атап айтқанда, «Волковгеология» АҚ-ның «№23 Геологиялық барлау экспедициясы», «Сауда-көлік компаниясы», «Шиелі-Энергосервис», «Кен басқармасы-6», «САС Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен жеке кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған 154 бос жұмыс орындарына жұмыс іздеушілер арасынан 36 азамат жұмысқа ораналастырылды. Сондай-ақ 60-қа жуық азаматтың түйіндемелері әңгімелесуден өткізу үшін қабылданды.

Сонымен қатар, ҚР Білім және Ғылым министрінің мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарды жұмысқа қабылдау жөніндегі №57 бұйрығына өзгерістер енуіне байланысты Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің директоры Ж.Аманбайқызы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда, жұмысшы табылмаған мекемелерге атап айтқанда, «Уранқуат», «СтЭМП-Б.С», «Central Asia Mining GO», «Арзан-маркет» сауда үйі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына «экономист», «электромонтер», «жүк көлігінің жүргізушісі», «эксковатор жүргізушісі», «автоэлектрик», «моторист», «тралл жүргізушісі», «токарь», «күзетші», «сатушы» «тәрбиеші» «бұрғылаушы» «азпасшы» «менеджер» «ассистент» « болып жұмыс жасайтын азаматтар қажет.

Толық ақпарат алу үшін Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет немесе 8724-32-4-32-36 байланыс телефоны арқылы білуге болады.

Тағы да оқыңыз: