Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Әбдімәулен Тоқтыбаевты 70 жас мерейтойымен құттықтап, Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын» табыстады.
Әбдімәулен Тоқтыбаев 1953 жылы Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. 1978-1992 жылдары Сырдария ауданы «1 Май» қой совхозында бас зоотехник, СССР-дің 50 жылдығы атындағы совхозда бас зоотехник, парторг қызметтерін атқарған. 1992-1995 жылдары «1 Май» совхозы директорының орынбасары; 1995-2003 жылдары Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі; 2003-2008 жылдары Шиелі ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, мәжілісте осыған дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып, жуырда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған Болатбек Ысмағұлов пен осыған дейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып, облыстық экономика және қаржы басқармасының білімді дамыту және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған Жакеев Дәуренбек Нұрбайұлына Шиелі ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды.
Жиында аудан ардагерлері Сұлтанбек Қойшыбайұлы, Нәйла Палымбет мерейтой иесі мен жаңа қызметке ауысқан азаматтарды құттықтап, сәттілік тіледі.
