Kyzylorda-news.kz. Бүгін “Шалқия Цинк ЛТД” ЖШС кәсіпорнының демеушілігімен Жаңақорған ауданаралық ауруханасындағы, жұқпалы аурулар бөліміндегі провизорлық стационарға құны 37 млн 400 мың теңгеге VG70 маркалы 2 ИВЛ аппараты жеткізілді.

Медициналық аппарат электр қуаты сөнген жағдайда 30 минутқа дейін аккумулятор арқылы жұмыс жасайды. Оның 7 түрлі режимде жұмыс жасау ерекшелігі бар.

Сондай ақ “Шалкия Цинк ЛТД” ЖШС кәсіпорны арнайы сақтық қорғаныш киімдері, пульсоксиметр (пульспен қанға келіп тұрған кислород мөлшерін анықтайтын аппарат) және дәрі – дәрмектер берілді. Жақын күндері кәсіпорын демеушілігімен аурухананың берілген тізімі бойынша өте қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілетін болады.

Тағы да оқыңыз: