Серік Жанболат Сыр журналистерімен жүздесті – Kyzylorda News
Басты бет

Серік Жанболат Сыр журналистерімен жүздесті

16.11.2019, 19:00

518 0

Kyzylorda-news.kz. Журналист бір салаға терең бойлап, сол тақырып төңірегінде көп ізденсе, онда оның ақпараты мәнді әрі құнды болмақ. Бүгінде бізге жетіспейтін осы – салалық журналистика. Сондықтан журналистикаға бет бұрған әрбір жас өзін осы бағытқа бейімдегені жөн. Бүгін белгілі журналист Серік Жанболат Сыр журналистеріне осындай ой айтты.

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының үйлестіруімен өткен осы шарада Қазақстан Журналистері академиясының академигі Серік Мейрамбекұлы бұдан бөлек қызылордалық әріптестеріне «Ақпарат газетін шығару жолдары» мен «Сараптама бағдарламасын қалай ұйымдастыру керек?» деген мәселелерді де кеңінен қозғады.
 Аймақтағы БАҚ саласының өкілдері осы семинарда облыстық «Сыр бойы» газетінің журналисті Жолдасбек Ақсақаловтың да дәрісін тыңдады. Жолдасбек Ақсақалов жас журналистерге қазақ журналистикасының кешегісі мен бүгінгісі жайлы айтып, журналистің фактіні алу тәртібі мен оны өңдеу жолдарын түсіндірді. Шара соңында қатысушылар қос қаламгерге сауалдарын қойып, өз мамандықтарын жетілдіру жолдарын жан-жақты талқыға салды.

0

Пікір қалдыру