Kyzylorda-news.kz.  Осы қиын-қыстау кезеңде Мемлекет басшысы жедел шешім қабылдап, осы бұзақылықты басу жөнінде бірнеше рет үндеу жариялады. Елімізде төтенше жағдай жариялады. Мұның бәрі тегіннен емес.

Бүгінгі күні барлық өңірде жағдай тұрақталды. Бірақ еркінсуге болмайды. Әлі де болса сырттан кірген бұзақылардың барын БАҚ-тан біліп отырмыз. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек. Күштік құрылымдар мен бейбіт тұрғындардың қайтыс болуына байланысты бүгінгі күнді Президентіміз қаралы күн деп жариялады. Бұл марқұмдардың рухына арналған халықтың ниеті. Қаза болған азаматтардың отбасы мен туыстарына Сыр жұртшылығы атынан, облыс ардагерлері атынан қайғыра көңіл айтамыз. Елімізде бейбітшілік, аманшылық болсын!

Серік Дүйсенбаев,

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Тағы да оқыңыз: