Kyzylorda-news.kz. 2 қаңтар күні республиканың кей жерлерінде тұман, отүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде әліде Солтүстік антициклонның жотасы ықпалын тигізеді. Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, Түркістан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Тағы да оқыңыз: