Kyzylorda-news.kz. Антициклон Қазақстан территориясында жылжи отырып жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек қиыр солтүстік аудандарда ғана циклон ықпалымен жаңбар мен қар жауады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігі мен тау бөктерінде тұман түседі, солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысы мен таулы аудандарында – тұман, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында – 23 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады.

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл маңайында желдің қарқыны 17-22 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел екпіні – 15-20 м/с. Өңірдің орталығында шаңды дауыл тұрады.

Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-батысында сағатына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде жел екпіні – 15-20 м/с, солтүстік-шығысында түнде жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: