Kyzylorda-news.kz. Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында атмосфералық ағындарың өтуімен жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік және солтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында аптап ыстық болады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында да күн қатты ысиды.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі күтіледі.

Тағы да оқыңыз: