Сенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

12.06.2021, 9:00

334 0

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Қазақстанның солтүстік және орталық аудандары антициклонның ықпалында болады. Сондықтан көбіне жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Ал еліміздің басқа аумақтарында атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы сипатта болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, дауыл соғады. Жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде бұршақ жауады, дауыл тұрады, күшті жел соғады.

0

Пікір қалдыру