Kyzylorda-news.kz. 6 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшеюі мүмкін. Еліміздің оңтүстік шығысында күн райы ашық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 17-22 м/с жетуі мүмкін.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз жел 15-23 м/с күшейеді. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Тағы да оқыңыз: