Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясында ауа райы өзгермейді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Бүгін Солтүстік антициклон жотасының ықпалынан еліміздің басым бөлігінде аяз болады, жауын-шашын болмайды.
Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарның кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.
Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болады. Алматы облысының слтүстігінде өте қатты аяз сақталады.