Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 21 қаңтар күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстан территориясының басым бөлігі ошағы Архангел ауданында орналасқан циклонның әсерінде болады. Салдарынан елімізде қар жауады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, жел қарқыны – 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысына тұман түседі, жел жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады.

 Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі.

Тағы да оқыңыз: