Сейсенбі күнгі ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Сейсенбі күнгі ауа райы болжамы

10.12.2019, 9:00

445 0

Kyzylorda-news.kz.   10 желтоқсан күні еліміздің оңтүстік, батыс және солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың калған аумағы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертең тұман болжанады. Жалаңашкөл аумығында жел 15-20 м/с күшейеді.

 Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерін тұман басып, жел 15-20 м/с артады. Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында көктайғақ болады.

Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Актөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Актөбе, Қарағанды облыстарында тұман болжанады.

0

Пікір қалдыру