Сапарбаев жаңа қызметі туралы: «Президенттің шешімін орындауға міндеттімін» – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Сапарбаев жаңа қызметі туралы: «Президенттің шешімін орындауға міндеттімін»

11.02.2020, 11:00

254 0

Kyzylorda-news.kz. Күні кеше ғана Жамбыл облысына әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев өзінің жаңа қызметіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ол бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бергенде айтты.

«Оны шешетін Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдағаннан кейін мен оны орындауға міндеттімін. Кезінде министр болсам, қазір әкім ретінде Жамбыл облысында орын алған оқиға салдарын тезірек жоюға қатысты жұмыс істейміз»,- деді Б. Сапарбаев.

Сондай-ақ, ол Президент тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жағдайға байланысты құрылған комиссияның төрағасы болып қалатындығын атап өтті. Оның сөзінше, Қордай оқиғасы салдарынан келтірілген шығын көлемі таяу күндері жария етіледі.

«Өкінішке қарай, әзірше, келтірілген шығын көлемін айта алмаймын. Жұмыс тобы жұмыс істеп, зардап келген барлық тұрғын үйлерді, сауда нүктелерін зерделеп жатыр. Таяу күндердің ішінде біз келтірілген шығын көлемін жария етеміз. Содан кейін Үкіметке ұсыныс енгізіледі. Бұған қоса, бүгін атап өткенімдей, аталған өңірден шыққан кәсіпкерлермен, бизнесмендермен зардап шеккендерге көмектесу мәселесін де сөйлесіп жатырмыз», – деді ол.

0

Пікір қалдыру