Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партияның сайлауалды бағдарламасы мен «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асқан Қалжан ахун ауылындағы жылыжай жұмысымен танысты.
Ауылдағы жасыл жетістікпен«Береке» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жетекшісі Серік Әбжалиев таныстырып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.
«Береке» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшісі Серік Әбжалиев жылыжай бизнесін дамыту бағытындағы 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында және 2024 жылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында төмендетілген несие алып, жылыжай шаруашылығын қайта жандандырған. Қазіргі таңда кооператив жылыжайында қияр мен қызанақ өсірілуде, және бұл өнімдерге деген сұраныс өте жоғары екенін атап өтті.
Жылыжай кешені ауыл шаруашылығының дәстүрлі түрін заманауи технологиялармен ұштастырып, сапалы өнім шығаруды мақсат етеді. Сонымен қатар, бұл жоба ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға және жергілікті экономиканың дамуына да өз үлесін қосуда.
Аумағы 200 шаршы метр болатын осы жылыжайда қазір 600 түп қияр күтіп бапталуда. Мамандар күн сайын қатарларды аралап, өнімнің өсіп-жетілуін бақылап отырады.
Жылыжай жұмыстарымен танысу барысында Сенат депутаттары мұндағы жұмысшыларымен пікірлесіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.