Kyzylorda-news.kz. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура, докторантура студенттерінің стипендиясы 25% көтеріледі. Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының білім алушы жастарының шәкіртақысын көбейтетінін естіп,өз басым қуанып отырмын. Бұл жаңалық көптеген жастың білім көкжиегінің кеңейуіне даңғыл жол ашады деген ойдамын.

Сондай-ақ қазіргі таңда оқу оқып, білім алып жатқан жастарға бұл деген керемет мотивация, тамаша мүмкіндік. Мәселен жастар жылының өзінде білім беру мазмұнына сәйкес бірқатар оң өзгерістер орын алды.
Саналы ұрпақ сапалы білім алып қана қоймай,сондай-ақ халықаралық білім беру ұйымдарымен бірлесе тәжірибе алмасуына да жағдай жасалуда.

Келешегі кемел, болашағы жарқын біз сияқты жастарды қолдау арналған мұндай бастамалар арта берсін деген ниеттемін. Ал біз жастар өз тарапымыздан Отанымыздың өсіп-өркендеуіне, қарыштап дамуына қызмет етіп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының жүзеге асуына тамшыдай болса да үлес қосуды мақсат тұтып отырмыз.

Піржан ТӨЛЕГЕН,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Химия мамандығының 4 курс студенті, Президент стипендиясының иегері

Тағы да оқыңыз: