Kyzylorda-news.kz.  «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде IPO тақырыбында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастайды.

Халықпен, кәсіпорын жұмыскерлерімен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер бүкіл елде 60-тан астам қалада өтеді. Іс-шараларға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сарапшылар қоғамды Қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ мақсаттарының бірі — барлық қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді ету. Үкіметтік Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, Қор Қазақстан Республикасының азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ауқымды ақпарат таратуды жалғастырады.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы көбірек біліңіз.

Қызылорда облысындағы кездесу үстіміздегі жылдың 16 қыркүйегінде сағат 10.00-де Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткізіледі.

Құрметті қызылордалықтар! Сіздерді аталған шараға қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастырушылар Қызылорда облысының әкімдігі және «Самұрық-Қазына» қоры.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз:

8 (7242) 60-54-09 Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Инвестициялық жобалар бөлімі;

8 702 999 29 20 Мергенбаева Алмаз «Самұрық-Қазына» қорының маманы.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі активі, оның ішінде IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы осы жылға жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, 2012-2020 жылдар аралығында Қордың бірнеше ірі компаниялары қазақстандық қор алаңдарында акциялардың листингін өткізді. «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының IPO-ның табыстылығы төленген дивидендтердің көлемімен және компаниялардың листингі басталғаннан бастап олардың нарықтық капиталдандыруының ұлғаюымен расталады. Мәселен, KazTransOil компаниясында акциялар құнының өсімі 121%-ды, KEGOC — 281%-ды, Kazatomprom – 383%-ды құрады.

Тағы да оқыңыз: