**Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларға салық бойынша өсімпұлдарды есептен шығару арқылы салықтық амнистия қарастырылғанын хабарлады.
**

«Жылдың соңына дейін әрбір азамат есептелген өсімпұлдарды есептен шығару үшін осы акцияны пайдалана алады. Жалғыз шарты, соңғы жылдардағы салық бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу керек», – делінген хабарламада.

Салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтынан және «электрондық үкімет» порталында «Электрондық сервистер», «салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде борышкердің ЖСН бойынша көруге болады.

«Мемлекеттік кірістер органдары күнделікті жеке шоттар мәртебесін бақылайды. Егер негізгі борыш төленсе, өсімпұлдарды жою туралы шешім үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады», – дейді департамент мамандары.

Тағы да оқыңыз: