Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда елімізде «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының жобасы талқылануда. Әрине, бұл қазіргі таңда қажетті қадам деп есептеймін.

Себебі, елімізде соңғы жылдары бейбіт жиналыстар жиі өткізіліп, оның қабылданған негізгі ережелері бұзылуда. Осы ретте, саяси сауаттылықтың нақты қажеттілігі туындайды.

Өзінің саяси даму процесінде еліміз түрлі кедергілерге тап болуда. Бұл – жас демократиялық елге тән құбылыс. Билік пен халық арасындағы ауызбіршілікке ештеңе кедергі болмауы тиіс.

Соған байланысты халық қалаулыраның тікелей араласуымен ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының жобасы талқылануда. Жаңа заң жобасы елдің тыныштығына, төзімді болуына, түрлі мәселеге түсіністікпен қарауға және халық арасында жүрген түрлі теріс пиғылды, айдап салушыларды тәубесіне түсіруге сеп болады.

Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенген бұл заң жобасы еліміздің тағы да демократиялық даму жолындағы жауапты қадамы болмақ.

Тағы да оқыңыз: