*Kyzylorda-news.kz. 29 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады. Еліміздің орталығында және оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың тек батысына ғана солтүстік антициклон әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.*

Барлық өңірде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және шығыста тұман, солтүстікте көктайғақ, оңтүстікте найзағай болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, орталығында 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Тағы да оқыңыз: