Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

15.09.2021, 9:00

224 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР басым бөлігінде, антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, желдің дылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

0

Пікір қалдыру