Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

12.02.2020, 9:00

309 0

Kyzylorda-news.kz. Сәрсенбі, 12 ақпанда еліміздегі бірқатар өңірде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«12 ақпанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Шығыста және солтүстік-батыста аздаған қар жауады. Солтүстік пен батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман түсіп, бұрқасын соғады, жел күшейеді.

 Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы 30 м/с жетеді тіпті одан да асып кетуі мүмкін», делінген синоптиктердің болжамында. Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді, тіпті одан да асып кетуі ықтимал.

Түркістан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 24-29 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

0

Пікір қалдыру