Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

03.02.2021, 9:00

365 0

Kyzylorda-news.kz. Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан территориясы арқылы тез жылжи отырып, еліміздің солтүстік бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сондай-ақ теріскейде көктайғақ болады, жел күшейіп, ауа температурасы жоғарылайды.

Ал республиканың оңтүстік бөлігі жоғары қысым аумағында орналасатындықтан жауын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Өңірдің басым бөлігінде жел екпіні – 23 м/с.

Ақмола, Қостанай облыстарында – тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде, күндіз аймақтың басым бөлігінде жел жылдамдығы – 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Көктайғақ. Жел қарқыны күндіз 25 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз көктайғақ болады.

Тәулік бойы Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінде, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстырында кей жерлерде тұман түседі.

0

Пікір қалдыру