Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 31-не арналған ауа райы болжамын жариялады.

Наурздың 31-і күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын болып, оңтүстік-шығыста нөсер жауын жауады.

Республиканың батыс және солтүстік аймақтары жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, күндіз оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Тағы да оқыңыз: