Kyzylorda-news.kz. 11 желтоқсан күні республиканың оңтүстігінде, батысында және солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Еліміздің калған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Ақмола және Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында сондай-ақ, тұманды болады.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл аумығында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерін де тұман басуы ықтимал.

Тағы да оқыңыз: