Kyzylorda-news.kz. Биыл Жаманбай батыр ауылдық округінде Қаратау бөктерінде бос жатқан жерлерді игеру мақсатында «Пазылбек Қажы» шаруа қожалығында ылғал сақтағыш технологияны пайдалана отырып, 600 гектарға мақсары дақылдары егілген. Бұл туралы Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.

Аққорған ауылдық округіне қарасты Қазақбай өңірінде жаңадан суармалы жерлер іске қосылып, 50 гектарға көкөніс, бақша дақылдары орналастырылды. Ал, тау беткейіндегі Жайылма ауылдық округіндегі шаруашылық құрылымдары осы жылы орын алып жатқан су тапшылығын ескеріп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемін сақтау бағытында шахталық керіздер (котлабандар) қазып, жер асты суларын пайдалана отырып көкөніс, бақша дақылдарын екті. Мұндай тың жобаларды алдағы уақыттарда кеңінен насихаттап, аяқ су мәселесінің оң шешілуіне жұмыс жасалатын болады.

Ауылшаруашылық саласы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және экспорттық әлеуетті әртараптандыру бағытында да жұмыстар жасалуда. 2021 жылдың қаңтар – қазан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 21,4 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы 10 айында – 19,6 млрд теңге болған.

Тағы да оқыңыз: