Kyzylorda-news.kz. «Менің туым – менің Отаным» акциясы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында жалғасын тапты.

Қаладағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығында «Nur Otan» партиясының өкілдері және белсенді жастармен бірге мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.  

 «Бүгінгі акциямыздың негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа Туды насихаттап, қазақстандық жастардың туған еліне деген отансүйгіштігін ояту болып табылады. Әлемнің дамыған елдерінде Мемлекеттік байрақтарын қоғамдық жерлерге іліп, әрбір елдің азаматы мақтаныш тұтады. Мысалға Түркия, АҚШ, Жапония елдерін атап өтуге болады. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік Туды насихаттау, дәріптеу акциялары жалғасып жатыр. Бүгін міне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы да өз қолдауын білдіруде», – дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мем­ле­кет­тік рәміздерін қабылдау про­цесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қосқан үлесі орасан зор. Оның тікелей жетекшілі­гі­мен 1992 жылы жаңа мем­­ле­кет­тік нышандарды даяр­­­лау бойынша жұмыс то­бы құ­рыл­­ды. Сол уақыттан бас­тап елі­міз­­дің мемлекеттік рәміз­дері Қазақстан­ның та­быст­ы дамуының белгілеріне ай­налды.

Тағы да оқыңыз: